14:45, 03 Мамыр 2011 | GMT +5
Қытайда әйелдер боксынан Азия кубогы жарысы өтеді
АЛМАТЫ. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қытайда 5-9 мамыр күндері әйелдер боксынан Азия кубогы сарапқа салынады.

Оған Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АІВА) рейтингісінде үздік төрттіктің қатарынан орын алған былғары қолғап шеберлері ғана қатыспақ. Жалпы бұған дейін Барбадосте өткен соңғы Әлем чемпионатында Азия боксшылары 3 алтын, 5 күміс, 5 қола медальге ие болған еді.
Ұлттық құраманың аға бапкері Вадим Присужниктің айтуынша, биыл тұңғыш рет ұйымдастрыылып отырған бұл дүбірлі додада ел намысын 6 спортшы қорғайтын болады. Олар Жайна Шекербекова, Саида Хасенова, Зура Хұсайынова, Марина Волнова, Юлдуз Маматқұлова, Елена Кольцова.