Қытайда азаматтардың жеке мәліметтерін жариялап жіберген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда азаматтардың жеке мәліметтері тарап кетті. Қаскүнемдер 140 мың жеке куәлік нөмірлерін, электрондық мекенжайлар мен Интернеттегі телефон нөмірлерін жариялаған, деп хабарлады ТАСС.

Қытайда азаматтардың жеке мәліметтерін  жариялап жіберген

Пайдаланушылардың құпия ақпаратының жариялануына темір жол билеттерін сататын ресми сайт - 12306.cn онлайн-порталы жол беруі ықтимал, деп жазады «Чайна дейли» газеті.

Алайда сайт әкімшілері мәліметтердің қолжетімді болуына порталдың еш қатысы жоқтығын, ол үшінші желілік ресурстар немесе басқа да арналар арқылы орын алғанын мәлімдеуге асықты.

Қытайлық БАҚ бұдан бұрын хабарлағандай, қытай билігіне тиесілі 50 пайыз сайттың қауіпсіздікке қатысты проблемалары бар екен.