Қытайда балалар тағамынан сынап табылды

АСТАНА. 16 маусым. ҚазАқпарат - Қытайда сүт шығаратын ең ірі өндірістердің бірі «Или» мекемесі құрамындағы жоғары деңгейдегі сынапқа байланысты баларға арналған сүт қоспаларының партиясын кері қайтарды. Бұл туралы шетелді БАҚ хабарлайды.

Қытайда балалар тағамынан сынап табылды

Компания өкілдері адам өміріне қауіпті заттың өнімге қалай қосылғандығын түсіндірмей отыр деп жазады, Утро. ру. Айта кетейік, азық-түліктің ішінен табылған бұл сынап ми мен бүйрекке зақым келтіруі әбден мүмкін.  Бұл Қытайда орын алған азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты оқиғаның соңғысы болды.

4 жыл бұрын 6 бала өндірістік химикат миламиннің іздері мен құрамы табылған сүттен көз жұмған болатын. Бірнеше мыңдаған адам медициналық көмек алуға мәжбүр болған еді.