Қытайда балаларды уландырғандар өлім жазасына кесілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Хэбэй провинциясындағы балабақша директоры мен оның сыбайласына 5 және 6 жастағы апалы-сіңлілерді уландырғаны үшін өлім жазасы үкімі шығарылды.

Қытайда балаларды уландырғандар өлім жазасына кесілді

Қыздар көрші балабақшаға бара жатқан жолда түрлі түсті қарандаштар мен дәптер және бір йогурт құтысы бар сөмкені тауып алады. Белгілі болғандай, аталған йогуртке егеуқұйрықтарды улауға арналған заттар қосылған екен.

Уланып қалған апалы-сіңлілі балалар көз жұмды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, балалардың бірі ауруханаға бара жатқан жолда жантәсілім етсе, екіншісі келесі күні ажал құшты.

Сотталған азаматша көрші балбақшаға балалар көптеп жазылғандықтан, балалаларды улауға бел буған. Осы арқылы ол бәсекелестерінің беделін түсіруге талпынған.

Соңғы жылдары Қытайда жекеменшік балабақшалар мен мектептер арасында оқушылар орындары үшін тартыс күшейіп отыр.