17:12, 02 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Қытайда «Балалық шағымның аспаны» қазақстандық фильмі көрсетілді
БЕЙЖІҢ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінде Тұңыш Президент күніне орай шетелдік корпус өкілдерінің қатысуымен «Балалық шағымның аспаны» көркем фильмінің көрсетілімі өтті.

Фильм көрсетілер алдында сөз сөйлеген Елші Нұрлан Ермекбаев Қазақстанда Тұңғыш Президент күні ресми мереке ретінде алғаш рет өткізіліп отырғанын хабарлады. «Бұл мерекенің пайда болуы - Қазақстан халқының ҚР Тұңғыш Президентіне көрсеткен құрметі», - деп атап өтті Елші.
Атаулы датаға байланысты Елшілікте сондай-ақ «Президенттің уақыт және өзі туралы ойлары» деректі фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Бейжіңдегі қазақстандық балалар үшін кинофильм көрсетіліп, «Тәуелсіз Қазақстан мен Тұңғыш Президент» тақырыбында викторина өткізілді.