Қытайда баскетбол ойнап жатқан бес қыз ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда Хуайбэй қаласындағы орта мектептердің бірінде баскетбол ойыны кезінде спорт алаңының қоршауы құлады. Салдарынан бес қыз қаза тауып, екеуі жарақат алды, деп хабарлады Associated Press.
None
None

Биік қоршау бір баскетболшы тобығын шығарып алып, соның жанына басқа спортшылар жиналған кезде құлаған.

Оқиғаның мән-жайы әзірге хабарланған жоқ. Полиция төтенше жағдайды тергеуге кірісті.

Соңғы жаңалықтар