Қытайда «Батыс-Шығыс» газ құбырының екінші тармағы іске қосылды

БЕЙЖІҢ. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең ұзын магистральды газ құбыры - «Батыс-Шығыс» газ құбырының екінші тармағы толық іске қосылды, делінген CNPC мәлімдемесінде.

Қытайда «Батыс-Шығыс» газ құбырының екінші тармағы іске қосылды

Ұзындығы 8704 шақырымдық газ құбырының бір магистральдық және сегіз аймақтық құбырлары бар, ол Орталық Азиядан табиғи газды Қытайдың шығысындағы Шанхай қаласына және елдің оңтүстігіндегі Гуанчжоу және Гонконг қалаларына жеткізеді.

Құны 22,57 млрд. долларға жуық жоба Қытайдың 15 провинциясын кесіп өтіп, 500 млн.-ға жуық адамды газбен қамтамасыз етеді. Газ құбырының қуаты 30 млрд. текшеметр. Ол ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің солтүстік батысында қытай-қазақстан шекарасындағы Қорғастан басталып, Гонконгте аяқталады.