Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытайда бэйсджампер 41 қабаттық ғимараттың шатырынан секірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде белгісіз бэйсджампердің Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласында 41 қабаттық ғимараттың шатырынан секірген видеосы тарап кетті.

 Қытайда бэйсджампер 41 қабаттық ғимараттың шатырынан секірді

Бұл таспа 27 наурыз күні ұялы телефонға жазылған. Куәгерлер алғашқыда ер кісіні өз-өзіне қол жұмсады деп ойлаған. Алайда бес секунд өткеннен кейін секірген жігіттің парашюті ашылады. Ол жерге дін аман қонды, деп хабарлайды South China Morning Post.

Полиция тергеу жүргізуде. Pazhou Commercial Plaza кешені әкімшілігінің сөзіне қарағанда, ол шатырға техникалық баспалдақ арқылы шыққан.