Қытайда бір аптаның ішінде су тасқынынан 70-тен астам адам ажал құшты

АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Қытайда өткен бір аптаның ішінде нөсерлі жаңбырдың салдарынын болған су тасқынынан 76 адам ажал құшып, 30-ы із-түзсіз жоғалды.
None
None

Мұндай мәліметтерді бүгін ҚХР азаматтық әкімшіліктің министрлігі жариялады, деп жазды ИТАР-ТАСС.

Ведомствоның берген ақпаратына зер салсақ, құйындатқан нөсерлі жаңбырдың салдарынан 36 мың тұрғын үй қирады, ауыл шаруашылық алқаптарының 188 мыңнан астам гектарына шығын келтірілді.

Айта кетейік, табиғаттың бұл «тосын» мінезінен ҚХР-ның солтүстік және солтүстік-шығыс өңірлері айтарлықтай зардап шекті. Келтірілген экономикалық шығын шамамен 1,69 млрд. долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар