Қытайда бірнеше тұрғын үй опырылып құлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстігіндегі Шэньчжэнь қаласында топырақ қабатының ығысуы салдарынан бірнеше тұрғын үй опырылып құлады, деп хабарлайды Орталық Қытай теледидары.
Үйінділердің астында адамдар болуы мүмкін екені атап өтіледі, алайда әзірге олардың санын атау мүмкін емес болып отыр. Қазіргі уақытта төрт адам құтқарылды, деп хабарлайды РИА Новости .