Қытайда биылдыққа тоғызыншы тайфун тұрып, мыңдаған адам эвакуацияланды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың шығысындағы Гуандун провинциясының Чжухай қаласы ауданында «Саола» тайфуны құрлыққа шықты. Бұл – елде биылдыққа көтерілген тоғызыншы тайфун, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайда биылдыққа тоғызыншы тайфун тұрып, мыңдаған адам эвакуацияланды
Фото: Pexеls

Метеорологтер мәліметі бойынша, Чжухай қаласының Цзиньвань ауданы тұсында соққан желдің максималды жылдамдығы эпиорталық маңында 42-46 м/с жеткен. «Саола» жағалау бойымен оңтүстік-батыс бағытта, сағатына 15-20 км жылдамдыпен жылжиды және біртіндеп бәсеңдейді деп болжанып отыр.

Гуандун провинциясының 780 мыңға жуық тұрғыны қауіпті аудандардан эвакуацияланған, 80 мыңнан астам балық аулау кемелері жағаға оралған. Сондай-ақ, 13 қаланың бастауыш пен орта мектептерінде оқу жылын бастау күні кейінге қалдырылды, балалар бақшаларының да жұмысы тоқтап тұр.

Бұған дейін хабарланғанындай, Қытайдың Ұлттық обсерваториясы «Саола» тайфуны қаупінің қызыл деңгейін жариялады.