Қытайда Boeing жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гонконгтан Лондонға бет алған Cathay Pacifi компаниясының Boeing 777 жолаушылар ұшағы Қытайдың орталық бөлігіндегі Чунцин қаласына апатты жағдайда жерге қонды. Бұл туралы авиакомпанияға сілтеме жасап, South Chine Morning Post басылымы мәлімдеді.

Қытайда Boeing жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды

Лайнердің бортында 248 жолаушы болған. Ұшақ жерге сәтті қонды, салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлады РБК.

Cathay Pacific мәлімдемегендей, ұшақ қозғалтқыштағы ақауға байланысты қонған.

Boeing бортындағы жолаушылар Хитроу әуежайына жеткізілді.