Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытайда бөгет жарылып, 8 мыңнан астам адам көшірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Хубэй провинциясында бөгет жарылды. Зардап шеккен ауданнан 8,4 мыңнан астам адам көшірілді, деп РИА Новости Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қытайда бөгет жарылып, 8 мыңнан астам адам көшірілді

Оқиға жексенбі күні Хуанмэй уезінде орын алған. Бөгетте ені 70 метрге жуық саңылау пайда болған.

Бөгетті ретке келтіру үшін оқиға орнына 700 сарбаз және 200 жиынтық арнайы құрал-жабдық жіберілді. Одан бөлек, 2,5 мыңнан астам әскери қызметкер мен жергілікті халық жарылудың алдын алу үшін  аудандағы екінші бөгетті жөндеуге жіберілді.

Соңғы бірнеше аптада Қытайдағы су тасқындарынан 237 адам көз жұмды.