Қытайда болған жер сілкінісінен үш адам зардап шекті
БАОШАНЬ. СИНЬХУА - ҚазАқпарат - Сейсенбі күні кешке Қытайдың оңтүстік-батысында Юньнань провинциясы Баошань қаласы аумағында жер сілкініп, қуаты 5,2 магнитудаға жетті, үш адам жеңіл жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытайдың Синьхуа агентігіне сілтеме жасап.
Олар ауруханаға ем қабылдауға жіберілді. Жарақаттары жеңіл. Жергілікті билік үшінші деңгейлі табиғи апатқа жедел әрекет ету тетігін іске қосып, зардап шеккен аумаққа апаттық-құтқару қызметін шұғыл жіберді.