Қытайда Будданың бас сүйегі табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Археологтар жер астынан тастан жасалған сандық тапты. Оның ішінде темір жәшік, темір жәшіктің ішінде келі болған.
Ал келінің ішіне күмістен жасалған шағын сандықша орналастырылған. Бұл алтын сандықшадан бас сүйегі табылды. Сандықтағы жазбаға сәйкес, ол Буддаға тиесілі.
Жәдігер Сун (б.з.д. 997-1022) әулетінің өкілі император Чжэнь-цзун басқарған заманнан сақталған деп болжанып отыр. Табылған қасиетті буддалардың сүйектерінің ішінде бір қаңқа ерекшеленеді. Тас сандықта ол Будданың бас сүйегі деп жазылған. Бұл жайлы Chinese Cultural журналында жарияланды.