Қытайда бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік атылды

АСТАНА. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні ҚХР билігі ату жазасына кесілген Чунцин қаласы әкімшілігінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бұрынғы басшысы Вэнь Цянға қатысты үкімді орындады, деп хабарлайды "Сhina.org" ақпарат агенттігі.
None
None

Муниципалды Жоғарғы халық соты 21 мамырда Вэнь Цянның шағымын қанағаттандырусыз қалдырған болатын. Ол 14 сәуірде бірінші инстанциялық сотпен пара алғаны, қылмыстық топтарға қол ұшын бергені, зорлағаны және өзінің ақша қаражаттары мен активтеріне жауапкершіліктің жоқтығы үшін өлім жазасына кесілген еді.

Вэнь 1992 мен 2008 жылдар аралығында Чунцин қаласының муниципалдық қоғамдық қауіпсіздік бюросының директорының орынбасары болып, кейін 2009 жылдың қыркүйек айында қамауға алынғанға дейін осы бюроның директоры болып қызмет атқарған.

Сотта 1996 мен 2009 жылдар аралығында Вэнь тікелей өзі немесе әйелі арқылы жалпы көлемі 12 млн юань ($1 млн 760 мың) пара алғаны айтылды. Сондай-ақ, Вэнь Цзябао шенеуніктерге лауазымдарды сатумен айналысып, әртүрлі компаниялар мен іскер адамдарға заңсыз пайда табуға жағдай жасаған.

Сонымен қатар, Вэнь Цянға 756 500 юань көлеміндегі пара ала отырып, бес бірдей ұйымдасқан қылмыстық топқа жағдай жасады деген айып тағылды. Онымен қоймай, 2007 жылдың тамыз айында Вэнь студент қызды масайтып алып, зорлады, деп айтылады үкімде.

Вэнь Цян 10 млн-нан астам юаньға бағаланған жеке мүлкінің қайдан келгеніне жауап таба алмаған.

Оның барлық дүние-мүлкі тәркіленіп, ол бүкіл саяси және қоғамдық құқықтарынан айрылды.

Вэнь Цян қытайлық ақпарат көздері "онжылдық ісі" деген айдар таққан іс аясында Чунцин қаласында былтыр қамауға алынғандардың арасындағы ең жоғары лауазымды шенеунік болатын. Ол кезде жергілікті 90 лауазымды тұлға жауапқа тартылса, оның 42-сіне қылмыстық топтарды жасырды деген айып тағылған еді.

Соңғы жаңалықтар