Қытайда цистерналардан 37 тонна ащы қышқыл төгілді

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат - Қытайда жол-көлік оқиғасы салдарынан 37 тоннадан астам ащы қышқыл төгілді,

Қытайда цистерналардан 37 тонна ащы қышқыл төгілді

деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға орталық Қытайдағы Хубэй провинциясында орын алды. Қауіпті заттарды әкеле жатқан автоцистерна жолдағы қоршауға келіп соғады және жолдың шетіне шығып кетеді. Оқиға орнынан 200 адам көшірілді.

Ащы қышқылдың буы адамның тыныс жолдарына, іш құрылысына және басқа да ағзаларына қауіпті. Әзірге көшірілгендердің ешқайсысынан улану белгілері анықталған жоқ.