13:22, 23 Тамыз 2017 | GMT +5
Қытайда Димаштың есімі берілген ұшақ алғашқы сапарын орындады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда әнші Димаш Құдайбергеннің есіміне берілген ұшақ Шанxай - Бейжің бағытында рейсті орындап, тұңғыш рет әуеге көтерілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Димаштың продюсері Алпамыс Шәрімовке сілтеме жасап.

Алпамыс аталған ақпаратты Инстаграмдағы өз парақшасында жария етті.
«Бүгін Димаштың суреті бейнеленіп, аты берілген ұшақ ресми түрде алғашқы сапарын бастайды. 13:10-да Шанxайдан Бейжіңге дейін бірінші рейс ұшады! Құтты болсын! Енді сенің есімің әуеде қалықтайтын болады!!!» - деп жазды Алпамыс Шәрімов.
Еске сала кетсек, Алпамыс бұған дейін Инстаграм арқылы қазақ баласының атымен енді ұшақ шығатынын хабарлаған болатын. Бұл ұшақ Moonlight blade онлайн ойыны желісіне арналған. Димаш осы ойынға «Уақыт - теңіз» атты саундтрек жазған болатын.