Қытайда динозавр жұмыртқаларын ұрлаған күдіктілер ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай полициясы елдің шығысында 80 тасқа айналған динозавр жұмыртқасын ұрлаған деген күдікпен төрт адамды ұстады, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

 Қытайда динозавр жұмыртқаларын ұрлаған күдіктілер ұсталды

Прокуратураның хабарлауынша, Ван есімді күдіктінің бірі Чжэцзян провинциясындағы осындай жәдігерлерді сатып алуға ниет танытқан коллекционерлердің біріне келген.

Еске сала кетсек, 9 қаңтарда Ван есімді күдікті үш серігімен Шанхай қаласында динозаврдың жұмыртқаларын қолды еткен.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, ұрылар жұмыртқаларды өзара бөлісіп алған.

Ван Хэйлунцзян провинциясындағы үйінде 27 жұмыртқаны сақтап келген, оны полиция тексеру кезінде тапты. Ал қалған елуден астам жұмыртқаның әзірге қайда екені анықталмады.

Қытай мен Моңғолия - палеонтологиялық тасқа айналған денелер көп сақталған елдер қатарына жатады. Алайда осындай қазба жұмыстары контрабандашыларды да қызықтырады. Олар ұрлаған динозавр қаңқаларын шет елдердегі коллекция жинаушыларға заңсыз сатады.