Қытайда Е гепатитіне қарсы әлемдегі тұңғыш вакцина сатылымға түсті

АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - Қытайда Е гепатитіне қарсы әлемдегі тұңғыш вакцина сатылымға түсті. Дәріні шығару және сату бойынша лицензия 2011 жылдың желтоқсанында алынған болатын. Алдағы уақытта вакцина шетелде де сатыла бастайды, деп хабарлайды Xinhua агенттігі.

Қытайда Е гепатитіне қарсы әлемдегі тұңғыш вакцина сатылымға түсті

Вакцинаны Сямэнь университеті мен Xiamen Innovax Biotech компаниясының мамандары жасақтап шығарған. Клиникалық тәжірибелер Цзянсу провинциясында екі жыл бойы жүргізілген, оған 113 мың ерікті қатысқан.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауынша, жыл сайын Е гепатитімен 20 миллионға жуық адам ауырады. Қытайда Е гепатиті ең көп таралған вирус түрлерінің бірі болып табылады.