Қытайда екі басы, үш құлағы бар бұзау дүниеге келді - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы қазақтар жиі қоныстанған Іле облысы Нылқы ауданында тұратын Ерлан есімді азаматтың үйінде екі басы, үш құлағы бар бұзау дүниеге келді, деп жазады Қамшы.кз.

Қытайда екі басы, үш құлағы бар бұзау дүниеге келді - ФОТО

Ерланның айтуынша, сиырдың туатын уақыты болса да, үш күн туа алмай қиналып жүрген.

«Басында біз малды ауырып қалды ма деп ойладық, бірақ ауыра қоятындай жағдай болған жоқ», - дейді Ерлан.

«Туу барысында мал қатты қиналып, өлуге жақындаған соң, бауыздап алдық. Сою барысында әлгіндей жағдайды көріп жағамызды ұстадық. Сиырдың ішін жарғанда екі басы, үш құлағы бар бұзау шықты», - деді малдың иесі.

«Заманның азғаны мен қоршаған ортаның ауыр деңгейде ластанғаны да бұған себеп болуы мүмкін», - дейді Ерлан.