Қытайда екі көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты

ЧАНЧУНЬ. Синьхуа.ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні таңертең солтүстік-шығыс Қытайдағы Цзилинь провинциясында болған жол апатынан қаза тапқандар саны 12 адамға жетті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі

Қытайда екі көлік соқтығысып, 12  адам қаза тапты

Оқиға Цяньань уезінде таңғы сағат 5:30-да болған. Басқа автомобильді сырып өткен Седан шағын жүк көлігімен соқтығысқан.

Жүк көлігіндегі 11 адам жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты. 5 адам, соның ішінде жүк көлігінің түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген төрт жолаушының біреуі көз жұмды.

Қазіргі уақытта апаттың неден болғаны тергеліп жатыр.