Қытайда екi жойқын жер сiлкiнісі болды
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат -Қытайда екi жойқын жер сiлкiнісі болды, деп хабарлады bnews.kz порталы.
Life News хабарлағандай, магнитудасы 6,8 баллдық алғашқы жерасты дүмпуі Бішкектен 600 шақырым қашықтықта, Қырғызстанмен шекарадағы Шыңжан провинциясы аймағында тіркелді.
«Магнитудасы 6,8 баллдық алғашқы жерасты дүмпуі 33 шақырым тереңдікте таңғы сағат 4-те (Мәскеу уақытымен) тіркелді», - деп хабарлады «Якутс» сейсмикалық стансасының меңгерушісі Галина Лысова.
Сейсенбі күні таңертең АҚШ Геологиялық орталығынан Қытайдың солтүстік бөлігінде жойқын жер сілкінісі болғаны туралы ақпарат түсті. Тербелiс магнитудасы 6,8 баллды құрады. Тербелiстердiң бастапқы күшi 6,0 баллға бағаланған, бiрақ мамандар кейін бұл шекті ұлғайтты.
Зардап шеккендер жоқ. Қирандылар туралы ақпарат түспеді.