Қытайда Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан қазақ жауынгері анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы маусымда Қытайда қаза тапқан кеңес әскерлерінің мәңгі есте қалдыру жолындағы «Уақыт жады. Қытай-2015» (Вахта Памяти. Китай - 2015) алғашқы ресей-қытай бірлескен іздеу экспедициясының (көктемгі-жазғы) бірінші кезеңі аяқталды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Қытайда Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан қазақ жауынгері анықталды

"Қолжетімді мұрағат құжаттармен жасалған талдау жұмыстары, табылған мәйіт қалдықтары 1945 жылдың 15 тамызында 190-шы атқыштар дивизиясы 112-ші атқыштар полкінің қайтыс болған әскерлеріне тиесілі екенін көрсетті:

- Қызыл армия жауынгері Смағұл Майдар (1905 жылы дүниеге келген) дәлдеуші, Павлодар облысы Куйбышев ауданының Ново-Троицк ауылында (қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Павлодар облысының Ақтоғай ауданында) дүниеге келген. 1943 жылы Павлодар аудан әскери комиссариатымен Қызыл армия қатарына шақырылған, жұбайы - Смағулова Жәмиля, Куйбышев ауданының Ново-Троицк ауылында тұрған.

- ефрейтор Соломенко Григорий Арсентьевич;

- сержант Мелехин Тимофей Никитович;

- Қызыл армия жауынгері Петренко Михаил Назарович.

2015 жылы 2 қыркүйекте Муданьцзян қаласындағы (Хэйлунцзян провинциясы) мемориалдық саябағында мәйіт қалдықтарын салтанатты түрде қайта жерлеу жоспарланып отыр.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, марқұм Смағұл Майдардың туыстарын табу жұмыстарын жүргізуде", - деп жазылған хабарламада.