Қытайда екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан Смағұл Майдардың туыстары табылмады

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары жапон басқыншыларынан Қытайды азат ету барысында қаза тапқан қызыл әскер Смағұл Майдардың туыстарын іздеу нәтиже бермеді.

Қытайда екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан Смағұл Майдардың туыстары табылмады

Хэйлунцзян (2015 жылғы 17 қараша) провинциясы Муданьцзян қалалық округінің Телинхэ кентінің «Чунъинъюань» мемориалдық саябағындағы бауырластар зиратында оның сүйегін қайта жерлеу рәсіміне және сол жерде (2016 жылғы 22 қыркүйек) кеңес әскерлеріне ескерткіштің ашылуына Қазақстаннан ҚХР-дағы ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери атташесі Ерен Көжеков қатысты.

Еске салсақ, қызыл әскер Смағұл Майдар 190-шы атқыштар дивизиясының 112-ші атқыштар полкінде қызмет етті. Ол 1905 жылы Павлодар облысы Кубышев ауданы Ново-Трицкое елді мекенінде (қазіргі Павлодар облысы Ақтоғай ауданы) дүниеге келді. Қызыл әскерге 1943 жылы шақыртылды. Ол кезде Ново-Троицкое ауылында   әйелі Смағұлова Жәмила бірге тұрған. Ол 1945 жылғы  15 тамызда мерт болды.

Қазақстандықтың сүйегін «Естелік вахтасы. Қытай-2015» - Қытай аумағында қаза тапқан кеңес әскерлерін  мәңгі есте сақтау бойынша бірінші бірлескен  ресейлік-қытайлық іздеу экспедициясының көктемгі-жазғы кезеңі барысында таныды.

Смағұл Майлармен бірге сержант Мелехин Тимофей Никитович (РФ Перм өлкесінің тумасы), ефрейтор Соломенко Григорий Арсентьевич (РФ бұрынғы Брянский облысы) және қызыл әскер Петренко Михаил  Назаровичтің (Приморский өлкесі) сүйегі танылды.

2015 жылғы жаздан бастап ҚХР-дағы ҚР Елшілігінің дипломаттары БАҚ арқылы Смағұл Майдардың туған-туыстарын білетін адамдарды іздестірген болатын.