Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытайда елдегі ең ірі алтын кен орны ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Шаньдун провинциясында ел тарихындағы ең ірі алтын кен орны ашылды, деп хабарлайды Лента.ру.

Қытайда елдегі ең ірі алтын кен орны ашылды

Мамандардың бағалауынша, бағалы металл көлемі 382,58 тоннаны құрайды, кеннің жалпы құны 22 миллиард доллардан асады.

Геолотгтардың мәлімдеуінше,  алтын кеніші қабатының ені 67 метрге жетеді, ұзындығы - шамамен екі шақырым. Жыныстағы бағалы металдың орташа үлесі тоннасына 4,52 грамм.

2015 жылдың қазан айында Бүкіләлемдік алтын кеңесі (World Gold Council)  жариялаған деректерге сүйенсек, алтын қоры бойынша әлемде АҚШ бірінші орында тұр (8133 тонна), екінші орында - Германия (3381 тонна), үшінші орында - Халықаралық валюта қоры (2184 тонна). Алтыны ең аз мемлекет - Йемен, онда 1,6 тонна ғана алтын қоры бар.