Қытайда электр стансасындағы апат салдарынан қаза тапқандар саны 74 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Цзянси провинциясы (Шығыс Қытай) Фэнчэн қаласындағы электр стансасы салқындату мұнарасының құрылысы опырылып құлауы салдарынан қаза тапқандар саны 22:00-дегі дерек бойынша 74 адамға жеткен. Сондай-ақ, екі адам зардап шеккен, деп хабарлайды Синьхуа.
Қазіргі уақытта қаза тапқан адамның 68 мүрдесі танылды.
Мерт болған жандар - 23-53 жас аралығындағылар. Жергілікті билік опат болғандардың туыстарымен тілдесіп, психологиялық тұрғыда демеу болуда.
Ал 500-ге жуық құтқарушы, олардың ішінде әскерилендірілген полиция 165 шаршы метр жерді қирандылардан тазартып жатыр.