Қытайда ең биік аспалы көпір салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстік-батысында Гуйчжоу провинциясында әлемдегі ең биік көпірдің құрылысы аяқталды, деп хабарлады дүйсенбіде CCTV телеарнасы.
Осымен аттас аңғардағы Бэйпаньцзян көпірі 570 метрге жуық биіктікте орналасқан. Қытай тарапының нақтылауынша, бұл рекордтық көрсеткіш.
Ұзындығы 1341 метр болатын көпір құрылысы 2013 жылы басталды, оған 1 миллиард юань (150 млн доллар) жұмсалды, деп хабарлады бұдан бұрын Синьхуа агенттігі.
Конструкция Чжэцязн провинциясындағы Ханчжоу мен Юньань провинциясындағы Жуйлиді біріктіретін жүрдек тас жолдың бөлігі болып табылады.
Қытайдағы он ең биік көпірлердің жетеуі таулы жердегі Гуйчжоу провинциясында орналасқан, деп хабарлады РИА Новости.