13:49, 03 Маусым 2014 | GMT +5
Қытайда ең үлкен жабық жағажай мен «Титаник» кемесінің көшірмесі жасалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань өлкесіне қарасты Даин уезінде «Романтикалық Жерорта теңізі» халықаралық мәдени-туристік шипажайы жобасын жүзеге асыру аясында «Титаник» жолаушылар лайнерін салу жоспарлануда.
Жаңа туристік шипажай салу үшін қажетті инвестицияның жалпы көлемі 10 млрд. юаньды (1,6 млрд. доллар) құрайды. Бұл жерде «Титаник» лайнерінің көшірмесін, әлемдегі ең үлкен жабық жасанды жағажай, үшөлшемді интерактивті театр, сонымен қатар көптеген сауда және бизнес орталықтарын салу жоспарланған.
Жобаны жүзеге асырумен қытайдың «Жеті жұлдыз» инвестициялық компаниясы айналыспақ. Ол Голливудпен және The Walt Disney Company компаниясымен тығыз қарым-қатынаста екендігі белгілі.