18:10, 31 Мамыр 2016 | GMT +5
Қытайда ең ұзын шыны көпір салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда әлемдегі ең ұзын шыны көпір құрылысы аяқталды.

393 метрлік көпір Ұлттық Чжанцзяцзе (провинция Хунань провинциясы) саябағында жерден 300 метр биіктікте орналасқан. Ені - 6 метр. Росбалт хабарлағандай, көпір 1 мамырда ашылу керек болатын. Алайда құрылыс жұмысы созылып кетті. Келушілер үшін ол шілдеде ашылады деп күтілуде. Қазір өңірде нөсер жауын жаууда.
Бұдан бұрын құрылысшылар көпірдің шыны жамылғысы қауіпсіздікке сынақты 100-ретке жуық өткенін мәлімдеді. Көпір 800 адамның салмағын көтере алады. Көпірдің ауа температурасының өзгерісіне, жел соққан кездегі орнықтылығына қосымша тесттер жүргізілді.
Бұл жердің табиғаты көз тартарлық көркімен ерекше.