Қытайда ер адам әйелін және тағы сегіз адамды бауыздап өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстік шығысында қайғылы жағдай орын алды - қанішер тоғыз адамның өмірін қиды.

Қытайда ер адам әйелін және тағы сегіз адамды бауыздап өлтірді

Оның алғашқы құрбаны бөлек тұратын зайыбы болды. Бұдан соң ол қалғандарын өлтірді. Шабуыл жасаудың салдарынан тағы төрт адам жарақат алды.

Жан түршігерлік оқиға шағын Хунань провинциясында орын алды.

Алдын ала белгілі болғандай, қаскөй белгісіз бағытқа ізін жасырған.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, ер адам өзінің бұрынғы әйелінің үйіне түскі мезгілде келген де, бауыздаған. Бұдан соң көршілерінің көргенін байқап қалып, куәлердің көзін жою үшін шабуылдап, бәрін де пышақтап өлтірген. Қашып бара жатып жолында кезіккен тағы төрт адамды жаралаған.