Қытайда ер адам көшедегі адамдарды пышақтап, мектепті өртеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Шаньдун провинциясында ер адам көшедегі адамдарға пышақ ала жүгіріп, одан кейін жергілікті мектеп ғимаратын өртеді.
Салдарынан екі адам көз жұмып, тағы бесеуі жарақаттанды.
Келеңсіз оқиға дүйсенбі күні Гуанжао уезінде орын алды. Ер адам әуелі бойжеткенге шабуыл жасады, ол алған жарақаттарынан мерт болды. Кейінірек жергілікті мектепті өртеп жіберді. Өрт салдарынан бір оқушы қаза тауып, тағы үшеуі зардап шекті. Одан кейін ер адам пышақпен тағы екі оқушыны жарақаттады, деп хабарлады сейсенбі күні полицияға сілтеме жасаған China News Service агенттігінен.
Ер адам сейсенбі күні қамауға алынды.