Қытайда ер адам мектепке бара жатқан төрт баланы өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Қытайдың Пиншань кентінде жергілікті мектептің оқушыларын ер адам пышақтап кетті. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
Бұл жантүршігерлік оқиға балалар таңертең мектепке бара жатқан кезде болған. Салдарынан үш оқушы оқиға орнында ажал құшты, тағы біреуі алған жарақаттардан ауруханада жан тапсырды.
Полиция күдіктіні іздеп жатыр.