12:12, 26 Шілде 2015 | GMT +5
Қытайда ер адам ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағын өртемек болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда Shenzhen Airlines әуе компаниясы рейсінің жолаушысы лайнер бортына өрт қоймақ болған, деп хабарлады мемлекеттік БАҚ деп жазады Би-би-си.
Оқиға 95 жолаушы, тоғыз экипаж мүшесі мінген ұшақтың ел оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласына қонар сәтінде орын алған. Есімі аталмаған ер адам оттық пен жанғыш сұйықтық қолданып, өрт ұйымдастырмақ болған. Экипаж мүшелері мен басқа да жолаушылар қаскүнемді дер кезінде тоқтатып үлгерді. Екі адам зардап шегіп, лайнер қонғаннан кейін ауруханаға жеткізілді. Барша әлемдегі авиокомпаниялар сияқты қытай тасымалдаушылары да бортқа шақпақ пен тез жанғыш сұйықтықтарды алып кіруге тыйым салады. Ер адамның әуежайдағы тексеруден қалай өтіп кеткені белгісіз.