Қытайда есек-араның шабуылынан 40-тан астам адам қаза болды

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Қытайдың Шэньси провинциясының тұрғындары есек-араның шабуылынан дабыл қағуда. Оқиға салдарынан 41 адам өлген, 1600-ден аса адам жарақат алып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Лента.ру.
None
None

Анканаг қаласында олардың шабуылынан 19 адам көз жұмды. Ал екі көршілес қалада да ауыр жағдай қалыптасты: оларда 22 жергілікті тұрғын өлген.

Жәндікпен күреске өрт сөндірушілер тартылды, медиктер бригадасы күшейтілген қызмет кестесіне көшірілді, бұдан басқа қосымша бригадалар құрылды.

Жергікті билік есек-ара шағылысу кезеңінде және күзгі миграция кезінде аса қауіпті екенін айтады. Мамандар жәндіктердің агрессиялық құлқын жыл бойы құрғақ және жылы ауа райы болуымен байланыстырады.

2012 жылғы маусымда осыған ұқсас жағдай Таиландта болды. Ұялы ара елдің солтүстігіндегі Чиангмай провинциясында будда храмына шабуыл жасады. Бұл шабуылдан 70 монах зардап шекті, 19-ы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, олардың бірнешеуі есінен айырылды.

Соңғы жаңалықтар