Қытайда есірткі саудасымен айналысқан 1,8 мыңнан астам адам тұтқындалды

АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Есірткі саудасымен күрес аясындағы операция барысында полиция Гуандун провинциясында, сондай-ақ Ганконг пен Макаода 1,8 мыңнан астам адамды тұтқындады.

Қытайда есірткі саудасымен айналысқан 1,8 мыңнан астам адам тұтқындалды

ВВС-дің жазуынша, операцияны өткізу кезінде полиция қызметкерлері 2,5 мың нысанды тексерген екен, олардың ішінде түнгі клубтар мен массаж салондары бар.

Осы орайда құқық қорғау органдары 5 млн. АҚШ долларына бағаланған есірткі мен заңсыз өнімдерді тәркіледі.

Қамауға алындардың ең жасы 12-де, ал ең үлкені 95 жаста көрінеді.