Қытайда ежелгі қаланың орны табылды

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қытайдың шығысындағы Аньхой провинциясында Ухань университетінің археологтары осыдан 4,5 мың жыл бұрын болған қаланың орнын тапты.

Қытайда ежелгі қаланың орны табылды

Қаланың қабырғасы мен орнынан бөлек археологтар бірнеше құрылыс пен үйге қажетті заттарды тапты, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. Сондай-ақ қазба жұмыстарының орнынан бұғының мүйізі, тасбақаның қабыршағы, бидай мен күріш дәні табылды.

Бұл заттар Хань әулеті басқарған кезге жатқызылып отыр.

Мұның бәрі осы жерде ертеректе «қайнаған өмір» болғанын көрсетеді, деп мәлім етті Ухань қаласының археологиялық университетінің профессоры Хэ Ляолинь.