Қытайда форумда 30-дан астам ел келісімге қол қояды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - «Бір белбеу, бір жол» стратегиясы аясындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша жоғары деңгейдегі форум барысында Қытай 30-дан астам елмен іскерлік және сауда келісімдеріне қол қояды. 

Қытайда форумда 30-дан астам ел келісімге қол қояды

Бұл туралы шараның ашылуында сөйлеген сөзінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мәлімдеді, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

 «Осы форум барысында Қытай 30-дан астам елдермен іскерлік және сауда қатынастары келісіміне қол қояды. Бірқатар елдермен еркін сауда туралы келісім бойынша консультацияға кіріседі», - деді ол.

Еске салсақ, Форумға 29 мемлекет, 3 халықаралық ұйым  (БҰҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры) басшыларымен бірге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда.