Қытайда ғарышкер әйелдердің тобы іріктелуде

"Чайна дейли" басылымының жазуынша, бұл туралы 2003 жылы Қытайдың атынан тұңғыш рет орбитаға ұшқан ғарышкер Ян Ливэй мәлім еткен.
«Іріктеу амалдары жүріп жатыр, менің пайымдауымша, жақын келешекте қытай әйелдері де ғарышқа аттанады», дейді Ян Ливэй. 44 жастағы ғарышкер - қазір басқарылатын ұшу сапарлары үшін ғарышкерлердің жаңа буынын іріктеуге жауапты тұлға. Дегенмен, ғарышкерлердің келесі командасына қанша әйелдің кіретінін нақты айтпаған Ян Ливэй, бірақ олардың командаға міндетті түрде кіретініне сенім білдірді.
Қытайлық басылымның мәліметі бойынша, үміткерлер қытайлық әскери ұшқыш әйелдердің алғашқы тобынан іріктеп алынуда. Ағымдағы жылдың сәуір айында 16 қыз-келіншек әскери ұшқыштар училищесіндегі оқуларын тәмамдаған болатын. Қытай Әскери-Әуе күштеріндегі дерек көздер, қытайлық алғашқы әйел ғарышқа 2012 жылы аттануы мүмкін, деп пайымдауда.