Қытайда генерал пара алғаны үшін өмір бойы түрмеге кесілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың отставкадағы генералы Го Босюн әскери сот үкімімен сыбайлас жемқорлық ісі бойынша өмір бойы түрмеге отыруға кесілді, деп хабарлады қытайлық мемлекеттік БАҚ.
75 жастағы генерал пара алуға және қызметтік мансабын асыра пайдалануға айыпталуда.
Генералды соттау жабық жағдайда өтуде, оның ұрлаған қаражаттарының мөлшері ресми жарияланған жоқ. South China Morning Post басылымының мәліметтерінше, Го Босюн 12,4 млн. долларға жуық сомада пара алғаны үшін сотталуда.
Генералдың өзі осы жылғы сәуір айында істеген қылмысын мойындады және өкінішін білдірді, бірақ та үкімге шағым бермейтінін айтты.
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин билік басына келген бойда ауқымды сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқанды бастады, оның барысында бірнеше ондаған жоғары шенді шенеуніктер түрмеге отырғызылды.