Қытайда ғимарат опырыла құлап, 4 адамды басып қалды, 7-еуі құтқарылды

БЕЙЖІҢ. Синьхуа-ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-шығысындағы Харбин қаласында кеңсе ғимараты опырыла құлап, салдарынан төрт адам қаза тапты және жетеуі жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қытайда ғимарат опырыла құлап, 4 адамды басып қалды, 7-еуі құтқарылды

Агенттіктің мәліметінше, төтенше жағдай жергілікті уақытпен жексенбі күні сағат 15:10-да кеңсе шатырына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда болған. 11 адам үйінді астында қалып қойған, оның жетеуі құтқарылды.

Барлық жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, тергеу жүріп жатыр.