Қытайда H7N9 құс тұмауы вирусын жұқтырудың 60 жағдайы расталды, оның 13-і өліммен аяқталды

БЕЙЖІҢ. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Қытайда H7N9 құс тұмауы қоздырғышына шалдығудың 60 оқиғасы тіркелгендігі және оның 13-і адам өлімімен аяқталғандығы расталды.
None
None

Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау және жоспарлы бала туу істері бойынша мемлекеттік комитет мәлімдеп отыр.

Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, өткен сенбі күні қоздырғыштың жаңа түрі Қытай астанасы Бейжіңге де жеткен. Қытай билігі бар күш-жігерді аталмыш қауіпті кеселмен күреске жұмылдыруға шақырып отыр.

«Науқастарға белсенді және нәтижелі медициналық жәрдем көрсетуді ұйымдастыру қажет», - деп атап өтті ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Юндун аталмыш вирус алғаш табылған Қытайдың шығыс провинцияларын аралау барысында.

Соңғы жаңалықтар