Қытайда H7N9 құс тұмауының жаңа қоздырғышын жұқтырудың 7 оқиғасы тіркелді
БЕЙЖІҢ. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Цзянсу батыс қытай провинциясында H7N9 құс тұмауы вирусын жұқтырудың 4 жағдайы тіркелгендігі расталды.
ҚХР денсаулық сақтау және бала тууды жоспарлау істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің таратқан ақпаратына сәйкес, науқастардың жағдайы аса ауыр. Өткен демалыс күндері Шанхай мен Аньхой провинцияларында H7N9 құс тұмауы қоздырғышына шалдығудың алғашқы үш оқиғасы тіркелді. Олардың екеуі өліммен аяқталды.
3 сәуір күнгі ақпаратқа жүгінсек, Қытайда құс тұмауының жаңа вирусын жұқтырудың 7 жағдайы анықталды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы H7N9 құс тұмауын адамның жұқтыру фактісінің расталуына байланысты алаңдаушылық білдіруде. Дегенмен, вирустың адамнан адамға жұғу жағдайлары анықталған жоқ.
Бүгінгі таңда Қытай билігі құс тұмауының жаңа қоздырғышын анықтау бойынша мониторингілеудің ұлттық жүйесін іске қосты. Бейжің мен Шанхай іспетті ірі қалаларда құс тұмауының белгісіз түріне байланысты орын алған төтенше жағдайлармен әрі аурудың ірі ошағымен күресудің жоспары әзірленді. Шанхай қаласының билігі құс тұмауы вирусының жаңа түрінің табылуына байланысты төтенше жағдай қаупінің үшінші - «сары» деңгейі туралы жариялады.