Қытайда химия зауытындағы апаттан 25 адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Хэбэй провинциясындағы химия зауытында хлордың төгілуінен зардап шегушілердің саны 25-ке жетті.  Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады. 

Қытайда химия зауытындағы апаттан 25 адам зардап шекті

Оқиға сенбі күні таңертең Суньгочжуан кенті маңындағы Lixing химия зауытында болды. Бұған дейін оқиға салдарынан  екі адамның мерт болғандығы, 18 адамның зардап шеккендігі туралы айтылған болатын.

Зардап шеккендердің арасында химия зауыты орналасқан кенттің тұрғындары да бары айтылды.

Апат ауыздықталды. Мамандар оқиғаның мән-жайын тексеруде.