Қытайда интернет кеңістігі қатаң реттеледі

АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгінгі таңда қарапайым хат-хабар алмасуда, қаржылық операцияларды жүзеге асыруда, жедел ақпарат алуда немесе таратуда мүмкіндігі шексіз интернеттің игілігін көпшілігіміз білеміз. Алайда осындай шексіз игіліктің де кейде кері әсері болып жатады. Сондықтан кейбір елдердің құзіретті органдары бұл саланы толығымен өздерінің бақылауына алған. Бұған мысал ретінде Қытайдағы интернет-кеңістікті реттеу тәжірибесіне тоқталуды жөн көрдік.
None
None
Жалпы ҚХР-дағы БАҚ-тың қызметін, оның ішінде электрондық ақпарат құралдарын ҚКП Орталық комитетінің насихат бөлімі, ҚХР-дың Мемлекеттік кеңесінің баспасөз-кеңсесі, ҚХР Индустрия және ақпараттандыру министрлігі, ҚХР-дың Радио, телеарна және телефильмдер ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы, ҚХР-дың Баспасөз және басылым жөніндегі бас басқармасы, сондай-ақ ҚХР-дың Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі мемлекеттік агенттігі мен Қорғаныс мақсаты үшін индустрия, ғылым және технология басқармасы қадағалайды. Сонымен қатар кибер-кеңістіктегі қылмыстың жолын кесу үшін полицияның арнайы бөлімшесі құрылған. Оның қызметкерлері арнайы Интернет-бағдарламалар әзірлеп, Қытай аумағындағы ғаламтордың қызметін ұдайы бақылап отырады. Оның ішінде жеке жазылған хаттар мен хабарламалар, виртуалдық қаржы операцилар және басқа да іс-қимылдар қадағаланады. Мысалы, Насихат бөлімі әлемдегі қытайлық тақырыптағы жарияланымдарды тексеріп, осы саладағы ҚХР-дың мемлекеттік саясатын әзірлейді. ҚХР Сыртқы істер министрлігінің Ақпарат және баспасөз департаменті осы елде тіркелген барлық шетелдік журналистердің қағаздағы және электрондық жарияланымдарына үздіксіз бақылау мен талдау жасау шараларымен айналысады. Шетелдегі ҚХР елшіліктеріндегі жұмысында аталған департаменттің қызметкерлері өздері келген елдің бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне мониторинг жүргізеді. Атап айтқанда, ҚХР-дың интернет-кеңістігінің қызметі өте қатаң регламенттеледі. Қазірдің өзінде ноутбук арқылы интернетке сымсыз қосылу үшін тиісті құжаттарды ұсынбайынша, актив-карталарды алу мүмкін емес. Сондай-ақ атқарушы биліктің тиісті орталық органдарының арнайы рұқсатынсыз қытайлық БАҚ-қа шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастық қарым-қатынастарды орнатуға тыйым салынған. Мұнымен қоса, шетелдік БАҚ-пен бірлесе интернет-сайт немесе домен құруға рұсақ етілмеген. Сонымен ең қызығы - Қытай аумағында шетелдік БАҚ-қа ақпарат тарату бірінші кезекте Синьхуа ақпараттық агенттігімен келісілгеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Аталған тәртіп 2006 жылғы қыркүйектің 10-ынан бастап күшіне енген. Синьхуа ақпараттық агенттігі - Қытай аумағында шетелдік ақпарат агенттіктерінің жаңалық материалдары таралуының бірегей тәртібін реттейтін заңнамамен өкілеттенген құрылым болып табылады. ҚХР Мемлекеттік кеңесінің тиісті шешімінің негізінде Қытай аумағында таралатын шетелдік ақпарат агенттіктерінің жаңалық материалдары Синьхуа агенттігінің санкциясын алуы тиіс және агенттіктің өкілетті құрылымдары арқылы жариялануы шарт. Шетелдік ақпарат агенттіктері өз еркімен Қытай аумағында өздерінің жазылушыларын кеңейте алмайды.
Соңғы жаңалықтар