Қытайда іргесі сегіз ғасыр бұрын қаланған ауылдағы бірнеше үй өртенді

ЧУНЦИН.Синьхуа -ҚазАқпарат – Бүгін, жұмада Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин қаласының Цзянцзинь ауданында орналасқан ежелгі Чжуншань ауылында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайда іргесі сегіз ғасыр бұрын қаланған ауылдағы бірнеше үй өртенді

Өрт сағат 11:35-те басталған, көптеген ағаш үй отқа оранды.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер жіберіліп, тұрғындар эвакуацияланды. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы хабарламалар түскен жоқ», - деп мәлімдеді жергілікті билік.

Өрттің себептері анықталуда.

Ежелгі Чжуншань ауылының тарихы 800 жылдан асады. Ол Қытайдың туристік нысандарының рейтинг жүйесінде екінші тұратын 4A класты ұлттық туристік аймақтардың қатарына кіреді.