Қытайда ірі жол-көлік оқиғасында 18 адам қаза тапты

АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Қытай Халық Республикасының солтүстігіндегі Нинся-Хуэйс автономдық ауданында болған ірі жол-көлік апатында 18 адам қаза тапты,

Қытайда ірі жол-көлік оқиғасында 18 адам қаза тапты

тағы 8-і жарақаттанды. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап, ИТАР-ТАСС тілшісі хабарлады.

Қайғылы оқиға таңертең Тунсинь уезінің Вантуань қалашығында болды. Күрежолмен қозғалып келе жатқан автофургон жүк көлігімен соқтығысты.

Полиция жол апатының себептерін тергеуді бастады.