Қытайда ішінде 400-ден аса жолаушысы бар теплоход суға батып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішінде 400-ден аса жолаушысы бар туристік теплоход Қытайдың Янцзы өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Би-Би-Си.
None
None

Соңғы мәліметтер бойынша, 7 адам ғана аман қалған, апат болған жерде іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Синьхуа агенттігінің мәліметіне сүйенсек, борт ішінде кем дегенде 400 жолушы мен 42 экипаж мүшесі болған.Туристік кеме Нанкиннен шығып Чунцинге бет алған, борт ішіндегілердің барлығы да ҚХР азаматтары.

Қатты жел мен жаңбырдың салдарынан құтқару жұмыстары қиынға түсіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар