Қытайда «қанды өзен» ақты

АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қытайдың Чунцина қаласының тұрғындары сұмдық көрініске куә болды. Қала тұсынан өтетін Янцзы өзені кенеттен  қанды түске боялды,

Қытайда «қанды өзен» ақты

деп хабарлады The Daily Mail.

Дегенмен мұндай көрініске қала тұрғындары қорқа қойған жоқ. Тіпті кейбір адамдар кәдесый ретінде ерекше суды бөтелкелерге құйып алды. Ал балықшылар болса, ештеңе болмағандай  өзеннен балық аулау істерін жалғастырды.

Қытайдағы қанды өзен адамдардың кінәсінен орын алуы мүмкін. Өйткені Чунцин қаласы ірі өнеркәсіп орталығы. Ал елде дәл осындай оқиға өткен жылдың желтоқсан айында орын алған болатын. Сол кезде судың қанды түске енуіне заңсыз жұмыс істеп тұрған екі шағын бояу зауытының кінәсі бар екендігі анықталған еді.