Қытайда қар құрсауында қалып қойған 40 альпинист құтқарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы Циньлин тау жотасында қар құрсауында қалып қойған отыз жеті альпинист құтқарылды, деп хабарлайды сенбі күні Қытай орталық телеарнасы CCTV .

Бұрын хабарланғандай, 30 альпинистен құралған топтың тауға өрмелеуі барысында екі адам қаза тауып, 23-і із-түзсіз жоғалған еді. Тек бес альпинист құтқарылған болатын.

Соңғы деректерге сәйкес, барлығы 37 адам, соның ішінде із-түзсіз жоғалғандар да құтқарылды. Екі құзға өрмелеушінің қаза тапқаны расталды, тағы бір альпинист іздестіріліп жатыр.

Циньлин тау жотасы - Куньлунь тау жүйесінің шығысындағы жота, Янцзы және Хуанхэ өзендерінің суайрығында орналасқан. Оның ең биік нүктесі Тайбашань тауы (3767 м) болып табылады. 

Соңғы жаңалықтар
telegram